Абай облысының Ақсуат ауданында өткен 140 шақырымдық бәйге Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Тұғыры биік Тарбағатай» фестивалінде бұған дейінгі рекордтың мұрты бұзылып, Катонқарағайдың жүйрігі 7 сағатта мәреге жетті. Өнер және спорт шарасы кезінде «Асыл домбыра» айтысының биылғы жүлдегерлері анықталды. Шығыс топырағында осымен екінші мәрте ұйымдастырылған «Ұлы дала қазанаты» жарысы биыл ерекше өтті. 2019 жылы 106 жүйрік топқа түссе, бұл жолы іріктелген 20 тұлпар сайыстың көрігін қыздырды. Шабандоздарға қолайлы жағдай жасалып, жол бойына бірнеше киіз үй тігілді.