Спорт

Спорт жаңалықтарының дайджесті

Облыс орталығы Семей қаласында еліміздің 12 аймағынан 400-ден астам спортшы Киокушинкай-кан каратэ республикалық турнирінде өздерінің шеберліктерін сынады. Спорт додасында Абай облысының жастары жүлделі орындарға ие болды.

Электр техникалық колледждің 70 жылдығына арналған армрестлингтен Абай облысының чемпионаты өтті. Жарыс үш санат бойынша, яғни 2001-2005 ж.т., 2009 ж. т. және одан кіші жасөспірімдер арасында болды. Турнир қорытындысына сәйкес 84 қатысушы спорт басқармасы атынан грамоталар мен медальдар табысталды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде 2008-2009 жж. жасөспірімдер мен 2004-2005 жж. жастар арасында самбодан жарыс өтті. Жарысқа облыс көлемінде 300-ден астам спортшы қатысты.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арқан тартудан іріктеу жарысы өтті. Жарыс: жеке кездесулер 1х1 адам, командалар арасында 8х8 адам ережесіне сәйкес өткізілді. Сайыс «Шығыс» өңірлік тобына кірген: Абай облысы, Алматы қаласы, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан облысынан келген ерлер және әйелдер құрамалары арасында өтті. Абай облысының командалары жүлделі орындарға ие болып, 7 наурызда Астанада өтетін финалдық жарысқа жолдама алды.

3х3 баскетболдан турнир өтті. Оған 200-ден астам ойыншы мен 25 команда қатысты.

Back to top button