Сол жағалаудағы аспалы көпір астындағы қоғамдық орын қала тұрғындарының игілігіне берілді

Қоғамдық орынның ашылу салтанаты Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Спорт ардагері Оразалинов Каиртай Малғаждарұлы және Семей қаласының чемпионы Азаматов Алдиярға берілді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиевтың туындысы “Ғашықтар” ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Ғашықтар мүсінінің лентасын бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар қиды. Әуезді әннің сүйемелдеуімен ғашық жігіттер сүйген қыздарына үйленуге сөз салды.
Ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен ұласты. Мерекелік шарада ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Баскетболға арналған спорттық аймақ, фитнес аймақ және балалар ойын алаңы қарастырылған. Воркаут алаңқайлар, паркур алаңдары жасалған.
Ертіс жағалауына жақын маңда тамақтану павильондары жұмыс істейді. Оның бәріне жарықшамдар, қоғамдық орындық пен қоқыс жәшіктері қойылған.
❗️Ағымдағы жылы қала бойынша бірнеше қоғамдық орындар жасалатын болады.