БастыЭкономика

Шығыс Қазақстанда картоп мен сәбіз қымбат

Шығыс Қазақстанда картоп мен сәбіз қымбат, деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.

Азық-түлік пен тауар бағасына мониторинг жүргізу үшін «AMANAT» партиясы жанынан құрылған мониторинг және қоғамдық  топтар қарқынды жұмыс жүргізуде.  Шығыс Қазақстан облысында партия мүшелері сәбіз бағасының 28, картоптың 21, айранның 24 процентке қымбаттағанын анықтады.  Ал, бір бөлке нан 160 теңгеге дейін, ал күнбағыс майының литрі 715 теңгеге дейін арзандады.

Серік ОРАЗБАЙҰЛЫ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ӨСКЕМЕН қ.ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Поставщиктен алады тауарды 15 проценттің орнына 25-тен асып кетеді. 50-ге дейін барып жатыр тексеріп жатырмыз. Бүгін бірінші рет ескерту жасап жатырмыз. Екінші келгенде біз штраф салдыртамыз. Алға қойған мақсат халыққа кішкене болса да үлесімізді қосып, бағаларды дұрыстап үкіметтің бағасын қорғап қадағалап отырмыз.

Жамбыл облысында да   баға деңгейі біртіндеп төмендеуде, атап айтқанда, бірінші сұрыпты бидай ұнының келісі 199 теңгеге, бір келі қырыққабат 81 теңгеге, жұмыртқа 331 теңгеге қолжетімді болды. Бұл облыстық кәсіпкерлік басқармасы белгілеген бағаға сәйкес келеді. Алайда дүкендердің бірінде қант болмағаны рейд кезінде анықталды. Партиялықтар азық-түлік сөрелерінің толықтығын қамтамасыз ету үшін тиісті ұсыныстар дайындады.

Abaynews.kz

Видео: astanatv.kz

Фото: ашық дереккөз

Back to top button