Спорт

ШҚО-да волейбол мен баскетболдан турнир өтті

2022 жылдың 14 қазанында Глубокое ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша “Алаш Жастар Одағы”қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Глубокое мектеп лигасының біріншілігінде ұлдар мен қыздар арасында волейбол және баскетболдан турнир өтті.

Турнир ” Алтынсарин атындағы Глубокое ОМ” КММ базасында өтті.”Глубокое кентінен басқа, іс-шараға басқа ауылдардан да қатысушылар келді.

Жарыстың алғашқы минуттары ең мықты команда атағы үшін матч қызықты болатынын көрсетті. Көшбасшылардың ауысуын, тиімді шабуылдарды және сапалы қорғанысты қызығушылықпен байқауға болады.

Жарыс барысында қатысушылар ептілік пен жылдамдықты, төзімділік пен командалық рухты көрсетті. Ойындар тек қатысушыларға ғана емес, көрермендерге де ұнады. Қолдау топтары өз командаларын қызу қолдады.

Іс-шара қорытындысы бойынша әр спорт түрі бойынша үздік үш команда грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Back to top button