БастыҚоғам

ШҚО-да өткен тәулікте үш өрт оқиғасы тіркелді

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Шығыс Қазақстан өңірінде үш өрт оқиғасы орын алды.

Глубокое ауданы Опытное поле кентінде уақытша тұрақта тұрған 1998 жылы шығарылған ВАЗ көлігінде өрт шықты. Көліктің қозғалтқыш бөлігі, аспаптар панелі өртенді. Құтқарушылармен 2 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары құрылғыны абайсызда ұстау.

Шемонаиха қаласында Алтай көшесі бойындағы жер үй өртенді. Үйдің төбе жабындысы өртеніп, жанында тұрған шаруашылық құрылысына және монша кешеніне тарады. Сондай-ақ қызыл жалын гаражға тарап, нысан ішінде тұрған 1992 жылы шығарылған Mitsubishi Pajero және 1998 жылы шығарылған DAF жүк көлігі өртенді. Құтқарушылармен 266 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау құрықталды. Өрттің шығу себебі, алдын ала болжам бойынша – электр жабдығын авариялық режімде пайдалану.

Shygysnews.kz

Back to top button