БастыЭкология

ШҚО-да елік пен жабайы қабанды атқан браконьерлер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жабайы аңдарды атумен айналысқан браконьерлерді ұстау бойынша кең ауқымды іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды Shygysnews.kz

Осы мақсатта өңірімізде тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы мобильді топтар құрылды. Нәтижесінде, бір мезгілде үш ауданда тәртіп сақшылары браконьерлікке қатысы бар бірнеше топты ұстады. Құқық бұзушылар тегіс ұңғылы және мылтық қару қолданған, олардың арасында тіркелмегендері де бар.

“Бесқарағай ауданында 29-42 жас аралығындағы 4 ер адам ұсталды.

Олардың көлігінің салонынан 4 елік ұшасы, «Сайга» және «ИЖ» маркалы екі мылтық, пышақтар, дүрбілер және 7,62 және 12 калибрлі көптеген патрондар табылды.

Сонымен бірге Тарбағатай ауданында тіркелмеген мылтықпен жабайы қабанды атып өлтірген, 53 жастағы тұрғын ұсталды. Жануарлардың қалдықтары мен мылтықтардан басқа, ер адамнан көптеген патрондар тәркіленді.

Үшінші жағдайда Бородулиха ауданында заңсыз аң аулағаны үшін 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олардан екі елік ұшасы, қарда жүру көлік құралы, «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрілер мен пышақтар бар”, – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ведомствода күдіктілерге қатысты аталған барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгені айтылды. аталған баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

@shygysnews

Back to top button