Абай облысыӘлемБастыСемейСпорт
Семейлік Зарина Примак тағы да Әлем чемпионы атанды

Семейлік атақты спортшы Зарина Примак тағы да Әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Abaynews.kz.
14-23 қазан аралығында Түркияның Анталия қаласында пара-армрестлингтен әлем чемпионаты өтті, оған әлемнің 56-дан астам елінің спортшылары қатысты. Спортшымыз Зарина Примак ел намысын абыроймен қорғап, +65 келі салмақта 4 дүркін Әлем чемпионы атанды.
Осылайша, өз жанкүйерлері мен елін тағы да қуантты. Біздің Зарина Примакты пара-армрестлингтен 4 дүркін Әлем чемпионы атануымен құттықтаймыз!
Abaynews.kz