Семейдің биологиялық орталығы жаңа жануармен толықты.
Бұл қиыр шығыс леопарды. Қызыл кітапқа енген жыртқыш Оңтүстік Қазақстаннан әкелінді. Лорд деген лақап аты бар жануар алты жаста. Әзірге, ол қысқы корпустағы арнайы орынға орналастырылды. Айта кетейік, леопардты орталыққа “Эйкос”компаниясы сыйға тартты.
Shygysnews.kz