БастыҚоғам

Семейде Ұлы Отан соғысының ардагері Габдулгазиз Ахмеровқа арналған ескерткіш тақтасы орнатылды

Жеңіс күні қарсаңында Семейде ҰОС ардагеріне арналған ескерткіш тақтасы орнатылды, деп хабарлайды Аbaynews.kz.

Габдулгазиз Гайнутдинович 1925 жылы 11 шілдеде Семейде дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол орта мектептегі оқуын тастап, «Пимокат» артеліне жұмысқа тұруға мәжбүр болды. 1942 жылдың желтоқсанында, он жеті жасында өзге балалармен бірге өз еркімен әскер қатарына шақырылды. Бозбала үлкен ағасының өлімі үшін кек алуды және жауды жеңетін күнді жақындатуды армандады.

1944 жылдың қазанында контузия алып, гостипальден емделіп шыққаннан кейін оны Иванов облысы Тейково стансасына жақын жерде орналасқан 114-дивизияға жолдады. Қиын кезеңнің өзінде де десантшылар қатарына қабылдау тәртібі қатаң болды. Ол жерде түрлі қиыншылықтарға төзіп, соның ішінде моральды тұрғыда ұстамды болу керек болды.

Back to top button