Семейде ағаш көліктерге құлап, нәтижесінде құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды Abaynews.kz
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі оқиға 22 мамыр күні 23 сағат 30 минутта 35 квартал көшесінде болғанын мәлімдеді.
“Ауа-райы мен желдің салдарынан ағаш екі көлікке құлады. Құтқарушылардың көмегі қажет болды. Оқиға орнына жедел түрде СП-7 ММ ЖҚБ қызметкерлері келіп, ағашты кесіп, алып тастады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ”,-деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ШҚО ТЖД дауылды ескерту және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, соның ішінде ағаштар мен құрылымдардың астына автокөлік қоймау қажеттілігі туралы ескертеді.
Abaynews.kz