Семейде сиырлар саябақта жайылып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сипағанды білмейтін жануардың соңынан жүгіре-жүгіре күзетшілер де жалыққан секілді. Сиырлар адамдар демалатын аумақта осылай емін-еркін жүреді. Ең сорақысы, Бейбітшілік аралының ортасындағы «Өлімнен де күшті» монументінің маңайындағы гүлдерді жеп, гүл дестелерін құлатып, айналасын ластап кетеді.
Бұл жағдайдың қайталанғанына бір емес, бірнеше жылдың жүзі болыпты. Жаңа өздеріңіз көргендей осы жерге туристер келіп жатыр. Мынадай жағдайға жеткізгеніміз өте ұят. Ертең қаламызға кім келеді? Жақында осы проблеманы көтеріп, әлеуметтік желіде дабыл қаққан Абай облыстық мәслихатының хатшысы Қуаныш Сүлейменов бұл мәселеге нүкте қоятын кез жетті дейді.
Қуаныш Сүлейменов, Абай облыстық мәслихатының хатшысы:
– Сиырдың мінезін ешкім білмейді. Ауылда тұрғаннан кейін білеміз. Баланы сүзсе не болады? Қалалық әкімшілік бұл мәселеге дұрыс қарау керек. Ветеринария заңы бойынша жеке меншік малдар қыс уақытында қорада, жазда жайлауға кетуі керек. Немесе ауласында ұстауы қажет. Бұл жерде біздің бизнеске кедергі жасау ойымызда жоқ. Адамдардың жағдайын ойлауымыз керек.
Жалпы Семейде 23 гүлзар мен алаң, бір орталық саябақ бар. Шаһардағы жар дегендегі жалғыз саябақты жөндеу жұмыстарына бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, құрылысы бірнеше жылға созылған болатын. Қала тұрғындары «Семейге бір саябақ аздық етеді. Тағы да салынса жақсы болар еді» дейді.
Abaynews.kz