БастыМәдениетСаясат

Семейде Республика күніне арналған автошеру өтті

Семейде Республика күніне арналған автошеру өтті, деп хабарлайды Abaynews.kz

Бастамашы қала жастары болды. Автошеруге 40 ақ автокөлікпен 80 ерікті қатысты. Мерекелік автошерудің басты атрибуты Мемлекеттік Ту болды. Автоколонна ABAI халықаралық әуежайынан Селевин-Бозтаев көшелері, аспалы көпір арқылы, одан әрі Гагарин және Шугаев көшелерімен бағыт алды. Маршруттың соңғы нүктесі “Арена” спорттық кешені болды.

– Бүгін Абай облысында Республика күніне орай автошеру өтті. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардағы патриоттық сезімдерді ояту және мереке сезімін беру, – дейді автошеруге қатысушылардың бірі Темірлан Бақтияров. –

Бүгін барлық қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Патриотизм мен бірлік сезімін оятатын осындай іс-шаралар көп болғанын қалаймын, – деп толықтырды автошерудің тағы бір қатысушысы Нұрбол Сүлейменов.

Back to top button