«Семей орманы» табиғи резерватында шыққан орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Abaynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 1 маусымда «Семей орманы» МОТР Жаңасемей филиалында, Подгорное орман шаруашылығында орман өрті орын алды.
«Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы органы, ҚР ТЖД 68303 әскери бөлімі жеке құрамынан 399 адам және 34 бірліктегі техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оттың таралуы тоқтатылды, орман аймағы ішінде тілсіз жаумен күрес жалғасуда. Өрт алаңы анықталуда. Жағдайды мониторингтеу үшін «Қазавиаорманқорғау» РМҚК «Ми-2» тікұшағы тартылды», – делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде құрғақ, ыстық ауа райы салдарынан өрт қаупінің бесінші деңгейі жарияланған.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт найзағайдан кейін басталған.
Abaynews.kz