Семей

Семейде халықаралық жастар күні аталып өтті

Семей қаласында Жастар күніне арналған ұлттық онкүндік аясында ашық аспан астында кешкі гала-концерт өтті.

Бағдарламада гала-концерт, лотерея, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар, футбол, таэквондо, армрестлинг сияқты спорттық ойындар, сондай-ақ караоке, би алаңы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, құнды сыйлықтар ойнатылған лотерея ұйымдастырылды.

Кешкі гала-концертте 8-11 тамыз аралығында ұйымдастырылған киберспорт бойынша “Cyber cup 2024” – Семей қаласы әкімінің кубогы, зияткерлік “Qazaq Quiz” ойыны және түрлі алаңдарда өткізілген шаралар жеңімпаздары сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Семей қаласы әкімінің атынан белсенді жастарға алғыс хаттар табысталды.

 

Back to top button