Абай облысыБастыСаясатСемей

Семейде Ермеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған алғашқы республикалық композиторлар байқауы өтті

Биыл біздің жерлесіміз, Аягөз ауданының тумасы, КСРО Халық әртісі, композитор, Еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл толды. Облыс әкімдігінің қолдауымен республикалық композиторлар байқауы өтті, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Байқауға Абай облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, Ақтөбе, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан 14 композитор өз туындыларын ұсынды.

Байқаудың бас жүлдесі – 500 000 теңге “Шығыс ұраны” шығармасы үшін Жамбыл облысының тұрғыны Ербосын Қасымбековке бұйырды.

І орынды Алматыдан келген Төлебай Жарасхан “Нағыз қазақ” шығармасы үшін иеленді.

ІІ орынды семейлік Гүлдана Ноғайбаева жеңіп алды, “Семейім – жұмақ мекенім” шығармасы.

ІІІ орын Слямкұлы Беректе, Семей қаласы, “Абай арнау” шығармасы.

Еркеғали Рахмадиев атындағы Қордың арнайы сыйлығын “Дала үні” шығармасын орындаған Семей тұрғыны – Әділет Серіков жеңіп алды.

Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымының арнайы жүлдесінің иегері “Тәуелсіздік елім” туындысы үшін Ақтөбе облысының өкілі Сағиев Жанболат болды.

Байқауға қатысушыларды Абай облысы әкімінің орынбасары  Шалқар Байбеков және Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Раймқұлова құттықтады. Облыс әкімдігі шығармашылық әлеуетті дамыту үшін өңірдің дарынды жастарын қолдауға ниетті.

Abaynews.kz

Back to top button