Абай облысыБастыҚоғамСемей

Семейде ер адам әріптесінің қомақты қаражатын жымқырған

Семей тұрғыны өз әріптесінің 1 млн теңгеден астам қаражатын жымқырған, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылғы қараша айының ортасында Бородулиха ауданының 61 жастағы тұрғыны Семей қ. ПБ Әуезов ПБ-не жүгініп, 7 қараша күні облыс орталығындағы ЖШС-нің бірінің жатақханасындағы бөлмеден белгісіз адамның еркін қол жеткізу жолымен 1 125 000 теңге сомасында ақша қаражатын жасырын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ұрлықты жәбірленушімен бірге жұмыс істейтін 26 жастағы ер адам жасағаны анықталды. Қаскүнем қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 188-бабы 3-бөлігі (“Ұрлық”) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.

Abaynews.kz

Back to top button