БастыСаясат

Семей қаласы әкімінде жаңа орынбасар

Абай облысы әкімінің келісімімен, Семей қаласы әкімінің өкімімен Шәкәрімов Данияр Қаиырханұлы Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Данияр Қаиырханұлы 1981 жылы Аягөз қаласында туған.

Еңбек жолын 2000 жылы Семей қаласының наркологиялық диспансерінде есепші болып бастаған.
2004 – 2013 ж. Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігінің ШҚО кедендік бақылау департаменті, Өскемен қаласы.
2013 – 2014 ж. кедендік тексеріс бөлімі, Өскемен қаласы.
2014 – 2016 ж. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі ШҚО мемлекеттік кіріс Департаменті, Өскемен қаласы – бас маман лауазымында.
2016 – 2018 ж. Жезқазған қаласы “KAZTYRE” ЖШС – мемлекеттік сатып алу бойынша маманы.
2018 – 2019 ж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің орынбасары .
2019 – 2021 ж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2022 ж. мамыр айынан бастап Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған

Back to top button