Семей

Семей көшелерін еріген қар суынан тазартуға қатысты

Соңғы тәулікте жауын-шашынның көп түсуіне және қардың күрт еруіне байланысты қаланың кейбір бөліктерінде су жиналды.

Әр учаскеде Семей қаласы әкімдігінің мамандары кезекшілік етуде. Қала бойынша су айдауға барлық қажетті техника жұмылдырылған. Еріген суды тазарту жұмыстары ЖАО күшіммен үзіліссіз жүргізілуде. Барлық жұмыстар 24/7 режимінде жалғасатын болады.

Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер су басқан учаскелерде суды күшейтілген режимде үздіксіз тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы 5 тәулікте 10 мың м3 астам су сорылды. Сондай-ақ, 7 мың м3 астам суды мотопомпалар арқылы айдау жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі су тасқынының алдын алу және су басқан көшелерге жедел ден қою мәселелері қала әкімдігінің қатаң бақылауында.

ЖАО және ТЖБ күштерімен қала жолдарындағы ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Back to top button