Абай облысы

Қоянбай ауылында жаңа мәдениет ошағы ашылды

Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылында инфрақұрылым кеңейтіліп жатыр. Ауылда 100 адамға арналған жаңа мәдениет мекемесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл мәдени мекеменің басты мақсаты – халықтың мәдени демалысына қолжетімділікті қамтамасыз ету және жастарға қолайлы жағдай жасау. Осы бастама аясында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жаңа сахнада алғашқылардың бірі болып өнер көрсетті. Аудан әкімі Талғат Мұратов мәдениет үйіне жаңа музыкалық аппаратура сыйлап, қолдау білдірді.

Сондай-ақ, 2023 жылы Қоянбай ауылында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлер салынып, кезекте тұрған жандарға беріліп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі жақсаруда.

Қоянбай ауылындағы тұрғындар саны 409 адамды құрайды. Ауылда мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған тың бастамалар қолға алынған.

Back to top button