Қауіпсіз демалыс үшін жайлы жағажайлар қажет. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ертістің сол жағалауындағы Мелькомбинат маңында өз күшімен жағажай жасауға кіріскен белсенділермен кездесуде атап өтті, деп хабарлайды Abaynews.kz
“Жастар Семей” қорының өкілдері бұл аумақты абаттандыруға және қоқыс жинауға көмектесуді сұрады. Өңір басшысы белсенділерге Семей қаласының дамуына бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтты.
«Қалаға барлық инфрақұрылымы бар қауіпсіз жағажайлар қажет екендігі туралы бұған дейін айтқан болатынмын. Идеяны жүзеге асырудың жолдарын қарастырамыз», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Abaynews.kz