Семей

Қала әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жол жөндеу және жерасты өткелдерінің қасбеттерін жөндеу бойынша, сондай-ақ Жұмабаева 11 мекенжайындағы тұрғын үйдің жағдайы бойынша көшпелі кеңес өткізді. Тексеру барысында қала әкімі бірінші кезекте Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткелінің жөнделуін тексерді.

Семей қаласында 8 жерасты өткелі бар, 2023 жылы 4 жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары кезінде жерасты өткелінде әртүрлі пішіндегі муралдар салынды,жарықтандыру, бейнекамералар, музыка колонклары орнатылады. Алайда бұзақылар 28 мамыр күні Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне орнатылған жаңа колонкаларды қолды қылған. Көшпелі кеңес барысында Нұрбол Нұрсағатов Полиция басқармасына колонкаларды қолды қылған бұзақылады табуды тапсырды.

Құрметті қала тұрғындары, Семей қаласы біздің ортақ үйіміз, қаламыздағы әр затқа ұқыпты қарауға шақырамыз. Біз өз қаламыздың әрбір затын қызғыштай қорғап, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Жұмабаев 11 мекенжайындағы тұрғын үйге барды. Тұрғындар шатырдың тым ескі екендігіне шағымданды. Нұрбол Нұрсағатов Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысына аталған тұрғын үйдің шатырын жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеуді, қажет болған жағдайда реновация жұмыстарын жұмыс тәртібіне алуды тапсырды.

Сонымен қатар, қала басшысы Комсомол кентіндегі грейдеровка жұмыстар жүргізіліп жатқан Жанай және Бөдене көшелерінде болды.

Айта кетейік, 2024 жылға жалпы ұзындығы 36 км 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізу, жалпы ауданы 130 073 текше метр қиыршық және құм тас себілген жолдарды профильдеу, 19 320 текше метрден астам алаңдағы жол жабындарын ағымдағы жөндеу жұмыстары көделген. Қазіргі уақытта сол жағалаудағы 5 көшенің жолдарын асфальттау жұмыстары аяқталды.

Back to top button