Абай облысы
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданының тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы тасқын судан зардап шеккен аудандарға жұмыс сапарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, тұрғындар үйлеріне қайтты. Оларға жан-жақты көмектер көрсетілуде.
Ақсуат ауданына барған сапарында әкім Кіндікті ауылының тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініштеріне ден қойды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауға алатындығын жеткізді. Сонымен қатар «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» тас жолындағы көпірдің жайын көзімен көрді. Қазіргі уақытта көпірдің құрылыс жобасына сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама аяқталысымен жобаны жүзеге асыру басталады. Көпір құрылысының жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.