Саясат
Облыс әкімі «AMANAT» партиясында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Қабылдауға мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қала мен аудан әкімдері, басқарма басшылары, Семей қаласы әкімдігінің бөлімдері, сондай-ақ облыстық ПД өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй инспекциясы, ТҮКШ, сондай-ақ жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер көтерілді. Одан бөлек, орта және шағын бизнесті әлеуметтік қорғау мен қолдау мәселелері қаралды.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев барлық өтініштерге толық жауап берді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынып, басқарма мен бөлімше басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.