Абай облысы

Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыста челлендждер мен флешмобтар ұйымдастырылды

Мақаншы ауданында тудың салтанатты көтерілуі өтті. Іс-шараға аудан басшылығы, ардагерлер, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Шара мәдениет үйінің мерекелік концертімен жалғасты.

Курчатов қаласының «Жастар» саябағында ҚР Мемлекеттік рәміздерін мерекелеуге арналған іс-шара өтті. Мереке авто және велошеруден басталып, қатысушылар қала көшелерінде көк байрағымызбен жүріп өтті.

Ал Жаңасемей ауданында тұрғындар арасында флешмоб, сұрақ-жауап өткізілді. Жастар челлендждерге белсене қатысты. Іс-шараға аудан басшылығы, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер және т. б. қатысты.

 

Back to top button