Денсаулық
Медициналық бейіндегі кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін Абай ауданының түлектеріне білім беру гранттарын бөлу арқылы шешу ұсынылады.

Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев халықпен кездесу барысында сұрақтарға жауап бере отырып түсіндірді. Негізгі шарт- диплом алғаннан кейін мамандар сол ауданда жұмыс істеуі керек.
Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің көпшілігі кәсіпкерлік гранттарға қатысты болды. Алдағы аптада сала мамандары ауданға келіп барлық мемлекеттік бағдарламалар жайлы түсініктемелік жұмыстар жүргізетін болды.
Сондай-ақ Архат ауылының тұрғындары су құбырын қайта жаңғырту, ауылға кіре беріс жолды жөндеу туралы өтініштерін білдірді. Аудан әкімі мәселені шешу жолын қарастыратындығын айтты.
#АбайОблысыныңӘкімдігі