Құрылыс

Мақаншы ауданында 4 мал қорымының құрылысы жүріп жатыр

Мақаншы ауданына қарасты Көктерек, Қаратал, Қарабұлақ, Қарабұта ауылдарында мал қорымдарының құрылыстары жүруде. Мердігер – «СемСтройПут» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі – 3 ай. Бүгінгі таңда жалпы жұмыс көлемінің 50 пайыздан астамы аяқталған.

«Бұл біздің ауыл үшін маңызды құрылыс.Себебі санитарлық талаптар сақталып, мал өлекселері арнайы орындарда өртелетін болады», – дейді Қарабұта ауылының тұрғыны Сағыныш Тұрғынбек.

Мердігер мекеме өкілдері аталған жұмыстарды белгіленген мерзімінде аяқтайтынын айтып отыр. Бұл жобалардың жұмыс барысы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында болады.

 

Back to top button