АуылдаСпорт

Көкпекті ауданында қазақ күресінен турнир өтті

Көкпекті ауылында ұлттық спорт түрін кеңінен насихаттау мақсатында қазақ күресінен «Көкпекті барысы-2023» турнирі өтті. Турнирге Көкпекті ауданынан 50-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс мектеп оқушылары арасында 2 салмақ дәрежесінде: 50 келіге дейін және 50 келіден жоғары, сондай-ақ 18 бен 35 жас аралығындағы және 36 жастан жоғары ересек палуандар арасында өтті.

Жарыс қорытындысы нәтижесінде студенттер арасында 50 келі салмақта бірінші орын – Руфат Құралбеков, екінші орын – Ерсін Капаров , үшінші орын- Азамат Қоңырбаев иеленді.

Студенттер арасында 50 келі салмақта бірінші орын – Әлімбек Әлімжан, екінші орын – Мирас Бигалиев, үшінші орын – Бауыржан Ахметкалиев ие болды. 18-35 жас аралығындағы ересектер арасында бірінші орын – Ерзат Арғынов, екінші орын – Дидар Тұқышев, үшінші орын – Диас Нұрғазинов иеленді. 36 жастан асқан ересектер арасында бірінші орын – Арман Изгуттинов, екінші орын – Дулат Турлыбеков, үшінші орын – Ермек Нұрлан ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы белбеумен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

\

Back to top button