Мәдениет
Екпін ауылдық округінде мәдениет үйі ашылды

Қазіргі таңда Ақсуат ауданында ауыл мәдениетін, халықтың мәдени белсенділігін дамыту, материалдық-техникалық базасын жақсарту, мәдениет нысандарын жаңғырту және орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізу бағытында елеулі жұмыстар атқарылып жатыр. Ауданға қарасты Екпін ауылдық округінде мәдениет ошағы ашылды.
Зейнеткер Серікқали Слямов, депутат Қайыр Қасенов, ақын Дулат Шідер құттықтау сөз сөйлеп, лентаны Серікбек Ағажанов пен Сайлау Мүліков салтанатты түрде кесті. Ақсуат мәдениет үйінің А.Мағзұмов атындағы «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі қонақтарға халық әуендерін шырқап, аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама қойды.
Сондай-ақ, тұрғындар назарына алматылық «Асылтас» театры қойған Бақыт Беделханның «Арена» (драма) қойылымы ұсынылды.