Абай облысыМәдениет

Бесқарағай ауданының құрметті азаматына арналған кабинет ашылды

Беген ауылдық округіне қарасты Беген орта мектебінде Бесқарағай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері, зерттеуші, журналист Уәлихан Түкісовке арналған кабинет ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Талғат Мұратов, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Уәлихан Түкісовтің жұбайы мен балалары қатысты. Немересі Таңатхан Түкісов «Ел Алғысы» медалімен марапатталды.

Іс-шара мәдениет үйінің өнерпаздары мен мектеп белсенділері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Уәлихан Түкісовтің 11 баласы, 39 немере, 50 шөбересі бар.

Back to top button