Экология

Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде.

Акция басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартуда.

Ал жалпыаудандық сенбілікте 120 техниканың көмегімен жиналған қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, экологиялық акцияға 6 000-ға жуық адамды қатысты, Аягөз қаласының көшелерінен 5 000 текше метр қоқыс шығарылды.

«Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға арналды. Аудан орталығында үшін 500 түп ағаш отырғызылды.

 

Back to top button