Өнеркәсіп

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 538 жаңа жұмыс орны құрылады

2024 жылға арналған жобалардың әлеуетті пулын қалыптастыру шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау үшін 327 елді мекенде 135 ауылдық округ бойынша 8 ауданда сауалнамаларға сәйкес скрининг жүргізілді.

Ағымдағы жылы скрининг қорытындысы бойынша несиелеуге облыс аудандарының барлық ауылдық округтері тартылатын болады. Ағымдағы жылға 1 320,0 млн теңге бөлінді. 538 жаңа жұмыс орнын құру және атаулы әлеуметтік көмек алатын 10 адамға несие беру жоспарлануда.

Барлығы 264 несие беру жоспарлануда. Олардың ішінде:
– Мал шаруашылығы саласында 132 несие;
– Өсімдік шаруашылығы саласында 106 несие;
– Ауыл шаруашылығы емес бизнеске 26 несие.

Әр ауданда кемінде 1 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Барлығы 10 кооператив құрылады.

Back to top button