Қылмыс
Аудан әкімдігі өз еркімен әрекет етті

Аягөз ауданының әкімдігі өз қалауы бойынша бау-бақша және мал шаруашылығы үшін жер учаскесін жалға алу мерзімін белгіледі. Кәсіпкерлер заңнамада көзделген ең төменгі жалдау мерзіміне қол жеткізе алмады. Мысалы, аудан әкімдігінің қаулысымен шаруа қожалықтарына 10 жылдың орнына 5 жылға жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығарылды. Бұл жер пайдаланушыларды ұзақ мерзімді жобаларды жоспарлауға және жүзеге асыруға, сондай-ақ өз ісін дамыту үшін несие алуға шектеді. Аудан әкімдігінің алаңында кәсіпкерлердің әкім орынбасарының және Аягөз ауданы “Атамекен” ҰКП филиалы директорының қатысуымен Антикор өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша әкімдік жалдау мерзімін ұлғайту туралы берілген қаулыға толықтыру шығарды.