Денсаулық

Ақсуат аудандық ауруханасы жаңа құрал-жабдықпен толықты

Биыл аудандық ауруханаға: жаңа туған нәрестенің салмақ өлшеуіші – 1 дана,  өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты (СРАР) нәрестелерге және балаларға fabian Therepyevolution – 1 дана, электрикалық сорғыш насос Eurovac H-90 – 1 дана,  науқас мониторы  iM70, ересектер және балаларға арналған комплекті – 2 дана, феталды монитор F9 Express – 1 дана, босандыруға арналған трансформер төсек MDB-900 (медициналық көп функционалды) – 1 дана.

Жаңа құрылғыларды пайдалану үшін медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аудандық аурухананың жұмыс сапасын арттыру мақсатында дәрігерлерге барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, ауданда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында Үштөбе, Екпін ауылында 2 жаңа дәрігерлік амбулатория, Кіндікті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Мүрсәлім, Айнабастау, Ақжал, Қызыл Жұлдыз, Сұлутал, Көктөбек ауылында 6 медициналық пункт салу жоспарланған.

#АбайОблысыныңӘкімдігі

Back to top button