
Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласында жүргізіліп жатқан сыртқы талдау шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады. Гүл бизнесімен айналысатын адамдар тобы 4 ай бойы жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарта алмады. Семей қаласының әкімдігі кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартпады. Бұл ретте кәсіпкерлер Жер кодексінде көзделген барлық талаптарды сақтады (37-бап). Антикор араласқаннан кейін кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, жалдау мерзімі ұзартылды