Білім

ABU студенттері Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде тәжірибеден өтеді

Өңірдің білім беру, әлеуметтік-мәдени, зерттеушілік дамуына сапалы үлес қосу үшін Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі арасында білім алушылардың кәсіптік тәжірибесін өткізу, бәсекеге қабілетті заңгерлерді кешенді даярлау, білім беру сапасын дамыту және арттыру, құқық қорғау қызметінің жаңғыртылған бағытымен танысу туралы бірлескен келісім жасалды.
Университет халықаралық білім беру қауымдастықтарының мүшесі болып табылады, ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген, онда студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, жеке өсуі мен өз қабілеттерін дамытатын 8 студенттік ұйым жұмыс жасайды.
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдің ірі университеттерінің бірімен қалыптасқан іскерлік және достық қатынастарды нығайтады және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа болады деп үміттенеді.

Back to top button