Мәдениет

Абай облысының «Qyzdar Emes» командасы «Жайдарман-2023» ойынының чемпионы атанды

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бес команда арасынан облыс намысын қорғаған «Qyzdar Emes» командасы жоғары ұпай жинап жеңіске жетті.

«Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз! Бұл жеңіс тек біздікі ғана емес. Қаншама адам қолдау білдірді. Астанаға автобуспен, пойызбен келген жерлестерімізге мың алғыс. Өңіріміз қай кезде де шығармашыл жандарға бай. Бізге қолдау көрсеткен Абай облысының әкімі Нұрлан Телманұлына және қарқынды дамып келе жатқан облыстың шығармашылық саласына алғыс айтамыз», – деді команда капитаны Олжас Тұрғали.

Команданы жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

 

Back to top button