Абай облысы

Абай облысының құрылуы – тарихи шешімге бір жыл

Осыдан тура бір жыл бұрын 2022 жылдың 16 наурызында Мемлекет басшысы әкімшілік орталығы Семей қаласы болатын Абай облысын құру туралы тарихи шешімді жариялады. Өңірді дамытудың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104,9% құрады. Салалар арасында құрылыс (108,8%), тау-кен өнеркәсібі (111,6%), көлік және қойма (100,6%) салалары оң динамиканы көрсетуде.
Өңдеу өнеркәсібі де оң өсу қарқынын сақтауда. Өткен жылы өндіріс көлемі 6% – ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімін шығару 473,3 млрд. теңгеге жетті. Жыл басында Абай облысының алдағы 5 жылға арналған кешенді даму жоспары бекітілді. Облысты дамытудың Кешенді жоспарында барлығы 9 бағыт бойынша 102 іс-шара қарастырылған. Жоспардың жалпы бюджеті шамамен 1,9 трлн. теңге. «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» теміржол учаскесін, тау-кен байыту комбинатын салу және «Айдарлы» мыс кен орнын өнеркәсіптік игеру, «құрғақ» порт пен логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылатын болады.

#АбайОблысыныңӘкімдігі

Back to top button