Абай облысыБастыҚоғамСемей

Абай облысының полицейлері ұрланған көлікті тауып, иесіне қайтарып берді

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні сағат 17:00 шамасында “102” жедел арнасына Семей қаласының 40 жастағы тұрғынынан Lada Granta маркалы автокөлік құралының ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Келтірілген шығын көлемі 3,5 млн. теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобының қызметкерлері  ұрланған автокөліктің орналасқан жерін анықтайды. Нәтижесінде ол Степной ауылының жолынан табылды.

Қазіргі уақытта полицейлер болжамды автошабандозды ұстау шараларын қабылдауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Абай облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы автокөлік иелерін автокөлік салондарынан ұрлық пен айдап әкетуді болдырмау үшін оларды ашық қалдырмауға, күзет дабылымен жабдықтауға, сондай-ақ өз көліктерін күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарға қоюға шақырады.

Abaynews.kz

Back to top button