БастыСаясат

Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Роза Құдайбергенқызы тағайындалды

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Роза Құдайбергенқызы тағайындалды, деп хабарлайды Abaynews.kz

Роза Құдайбергенқызы Семей облысы Аягөз ауданы Знаменка ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ гуманитарлық -заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Таскескен аудандық қаржы бөлімінде штат бойынша инспектор-ревизор  қызметінен бастаған.

1988 жылдан 1996 жылға дейін Семей облысы Таскескен аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі инспекция бастығы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
1996 жылдан 2005 жылға дейін – Семей қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, салық және кірістерді болжау бөлімінің бастығы, бюджет бөлімінің бастығы.

2005 жылы Семей қаласының қаржы бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2009 жылдан осы уақытқа дейін Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерін басқарды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Back to top button