БастыСаясат

Абай облысының Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Абай облысы әкімінің өкімімен Бескарагай ауданының әкімі лауазымына Талғат Мұратов тағайындалды, – деп хабарлайды Abaynews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғат Батырұлы Алматы облысы Қаратал ауданы Кальпе ауылында дүниеге келген. 2007 жыл – Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жыл – Қазақстан инновациялық университетін, 2018 жыл – Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған. Еңбек жолын 1993 жылы “Стройдеталь” жеке кәсіпорынның атқарушы директоры қызметінен бастаған.  Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызметте болған. 2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды. 2018 – бүгінгі күнге дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Abaynews.kz

Back to top button