
Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті тіркелді, – деп хабарлайды Abaynews.kz.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы екі тәуілікте Аягөз ауданында дала өрттері тіркелді. “Аягөз ауданында шыққан дала өрттерінің екеуі толық сөндірілді. Бүгін сағат 9.10-да Аягөз ауданының Баршатас ауылдық округінде құрғақ дала шөптері өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру және жергілікті атқаруы органдардың қыметкерлері өртті сөндіруде. Өрт алаңы анықталуда”, – делінген ведомство хабарламасында. Еске сала кетейік, бұған дейін өңірдің бес ауданында дала өрттерімен күрес жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Abaynews.kz