Қылмыс

Абай облысының аумағында “АNTI-FRAUD” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

7-9 ақпан аралығында Абай облысының аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған “Anti-Fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Криминалдық полиция, тергеу, анықтау, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің арасынан интернет алаяқтықты анықтау мәніне Интернет желісінің ақпараттық кеңістігіне талдау, мониторинг жүргізу үшін мамандандырылған жедел-іздестіру топтары құрылды. Ісөшараның 1 күнінде Абай облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы 4 қылмысты ашты. Әрбір факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Back to top button