Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Аягөз ауданына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Abaynews.kz
Нұрлан Ұранхаев Абай облысындағы аумағы жағынан ең ірі, бүгінде 70,9 мың адам тұратын Аягөз ауданына келді. Облыс басшысының жұмыс сапары Аягөз ауданының тарихи, табиғи және мәдени дамуын сипаттайтын Өлкетану музейінен басталды.
Нұрлан Ұранхаев Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті. Бүгін өңір басшысы жеке қабылдау өткізеді.