БастыБілімСаясат

Абай облысының әкімі М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жұмысымен танысты

Облыс әкімі аралаған нысандардың алғашқыларының бірі – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Колледж басшылығы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты оқу орнының тарихымен, жеткен жетістіктерімен таныстырды, сонымен қатар көлемді іс-шаралар ұйымдастыру үшін акт залының жоқ екеніне тоқталды.

«Біз колледжді дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ біздің бақылауымыздан тыс нәрселер де бар. Мерекелерді, концерттерді және салтанатты іс-шараларды өткізетін акт залы болғанын қалаймыз», – деді М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаева.

Колледжде орталықтандырылған жылу жүйесінің болмауы маңызды мәселе болып қала беруде. Колледждің өз қазандығы бар, бірақ оның жағдайы көңілден шықпайды. Колледж өкілдерін тыңдап, облыс әкімі профильді ведомстволарға тиісті тапсырмалар берді.

Облыс әкіміне № 17 мектепте оқу сыныптары мен кабинеттерге экскурсия жасалды және жүріп жатқан жөндеу жұмыстары туралы айтылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz. «Мектеп 1985 жылы пайдаланылуға берілген. Проблемалар, әрине, бар. Қазір мектеп шатырына күрделі жөндеу жүргізілуде. Енді мектеп аумағына да аббаттандыру жұмыстарын жүргізсе дейміз», – деді мектеп өкілдері. Осы күні облыс әкімі № 29 мектепте болды. Мектеп басшылығы жылытуға қатысты және бірқатар шешілмеген мәселелер бар екенін атап өтті.

«Мектеп қабырғасының кей жерлерінде жарылған, тұрған ағаш бағаналар да  қатты алаңдатады», – деп айтып өтті білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко. Нұрлан Ұранхаев робототехника кабинетімен танысып, мемлекет басшысының техникалық білім беруді дамытудың маңыздылығы туралы бастамаларын еске салып өтті. Жұмыс барысы соңында облыс басшысы Чернышевский атындағы орта мектепке барды. Облыс әкімі мектеппен танысып, профильді бөлімдер мен басқармаларға тиісті тапсырмалар берді.

Abaynews.kz

 

 

Back to top button