Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өзекті сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Abaynews.kz.
Тұрғындар үшін ең іргелі мәселелердің бірі білім беру мәселесі болды. Башкөл мектебінде оқушылар контингентінің азаюына байланысты ата-аналар жоғары сынып оқушыларының оқитын жері жоқ деп алаңдайды. Тұрғындардың бұл сұрақтарына жауап ретінде оқушыларды жақын маңдағы мектепке жеткізуді жоспарлап отырғандығы айтылды. Сонымен қатар, аудан орталығында интернат бар.
Тұрғындарды тұрғын үй құрылысы мәселесі де толғандырады. Мұнда салынып жатқан үйлерде қажетті қосымша ғимараттар қарастырылмаған, дейді аудан тұрғындары. Бесқарағай тұрғындары абаттандыру мен жұмыс орындарының жоқтығын атап өтті. Олардың пікірінше, ауданда халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін шағын цехтар мен зауыттар ашу керек. Облыс әкімі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларына ауылдағы бизнес өкілдерімен тығыз жұмыс жасауды тапсырды. Сондай-ақ, Нұрлан Ұранхаев азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Abaynews.kz