Абай облысы

Абай облысындағы көктемгі су тасқыны туралы ақпарат:

2024 жылғы 28 наурыз күні су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Ақсуат және Аягөз ауданында «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағында аэровизуалды шолу жүргізілді.

Абай облысы әкімінің орынбасары Д.Гариков, Абай облысының ТЖД бастығы полковник М.Шапағатов және Ақсуат ауданының әкімі А.Смайылов бастаған жұмыс тобы Ақсуат және Аягөз аудандарының аумағын, Боғас және Аягөз өзендерінің арнасын және Тарбағатай жотасының тау бөктерін бақылады.

Тікұшақ арқылы таудағы қар әлі де еріп жатқаны, Боғас, Аягөз өзендерінің арнасынан асқаны, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында еріген судың жиналғаны анықталды.

Кіндікті және Уаң елді мекендерінің аумағы да қаралды.

«Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен Кіндікті ауылының тұрғындары үшін азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттар мен дәрі-дәрмектер, сондай-ақ Кіндікті ауылынан Ақсуат ауылына 25 тұрғын, оның ішінде 4 бала жеткізілді.

Back to top button