БастыСаясат

“Абай облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау іс-шаралары” атты брифинг өтті.

Бүгін, Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ғимаратында «Абай облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау іс-шаралары» тақырыбы аясында брифинг өтті. Брифингке облыстық жұмыспен қамту басқармасы басшысы А.Султанова және БАҚ өкілдері қатысты.

Әлеуметтік қорғау саласына жекелей тоқталып, жыл басынан Отбасының цифрлық картасы енгізілігені айтылды. Бастама аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктірілген. Басты міндет – әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды анықтау, проактивті форматта көмек көрсету.

2023 жылдың 1 қазанына 4,6 мың отбасыатаулы әлеуметтік көмек алды. Көмек алушылардың саны 1,0 мың отбасына немесе 17,8%-ға азайды. Жыл басынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан 809 адам жұмысқа орналасты (тұрақты 533 адам, уақытша 276). Өз ісін ашуға 81 адам 111,8 млн.теңге сомасында мемлекеттік грант алды,-деді А.Султанова.

Ерекше қажеттіліктер бар адамдардың әлеуметтік ықпалдасуын арттыру мақсатында жүйелі шаралар қабылданған. Осы уақытқа дейін әлеуметтік қызметтермен 6 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай ақ, шілде айынан бастап жеке көмекшенің қызметін көрсетітіндерге міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдары жүргізіле бастаған.

Ағымдағы жылы  Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республикада алғашқы болып Семей қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитация және оңалту орталығы ашылды. Бүгінгі күні орталықта 130 адам қызмет алуда, 50 балалар.  Сонымен қатар, тамыз айында Семей қаласында 25 орындық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды. Бүгінгі таңда 61 өтініш тіркелді, дағдарыс орталығында 24 көрсетілетін қызметті алушы және 1 отбасы тұрады,-деді Айнұр Султанова.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаға сәйкес, жұмыссыз адамдарға орталықтар арқылы қысқа мерзімде оқыту, өтеусіз грант беру, жұмыспен қамту шаралары іске асуда.

Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны – 12 407 адам. Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 2023 жылы 24,9 мың жұмыс орнын құру көзделген, бүгінгі күні 23,2 мың жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 194 сотталған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартылды,-деді Айнұр Султанова.

Қандастар мен қоныс аударушыларды орналастыру мақсатында «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Абай облысына 434 адам қандастар мен қоныс аударушылар квотасы жеткізіліп, 378 адам (оның ішінде: 140 қандас, 238 қоныс аударушы) қоныс аударды. Қоныс аударушыларды ынталандырудың арнайы өңірлік картасы әзірленіп, мемлекеттік қолдау шаралары толығымен берілген.

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Back to top button