Абай облысы
Абай облысында мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтіп жатыр

- Көкпекті ауданында «Ұлы дала елі» алаңында ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға 400-ден астам тұрғын қатысты. Сондай-ақ, «Толағай жастары» акциясы өткізілді. Акция аясында аудан жастары Толағай тауының басына көтеріліп, мемлекеттік туды орнатты.
- Абай ауданында да туды көтеру рәсімі өтті. Аудан тұрғындары Әнұран мен патриоттық әндер шырқады. Қатысушылар үшін «Қаламқас» ансамблі өнер көрсетті.
- Жарма ауданы Қалбатау ауылының орталық алаңында аудан орталығының жұртшылығы ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, жасұландықтар мен қала тұрғындары патриоттық әндер шырқады. Іс-шара веложарыспен жалғасты.
- Ақсуат ауданының орталық алаңында да салтанатты іс-шара өткізілді. Сахнада Ақсуат мәдениет үйінің көркемөнер ұжымы мерекелік концерт қойып, патриоттық әндер шырқады.
- Үржар ауданы Таскескен ауылында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шарада қатысушылар Әнұран, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар тақырыптық көрме қойылды.
- Бесқарағай ауданында тұрғындар бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындады. Танымал спортшылар, әртістер автошеруге қатысты.
- Бородулиха ауданында Қазақстан Республикасының Әнұраны салтанатты түрде шырқалды. Салтанатты шараға мемлекеттік қызметшілер, ұйым мен мекеме, мектеп, колледждің қызметкерлері қатысты.