БастыСпорт

Абай облысында бүркітшілер арасындағы алғашқы әлем Чемпионаты өтті

Бүркітшілер арасындағы алғашқы Әлем чемпионаты Абай облысының Үржар ауданында өтті. Бұл әуесқойлар үшін сирек кездесетін жарыстар мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналды, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Жарысқа 6 мемлекеттен 100-ге жуық бүркітші қатысты. Чемпионат 3 күн бойы өткізілді және ол Бүркіт, Қаршыға, Ителгі, Тазы ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстармен аяқталды. “Бүркіт” жарысында жүлделі І орынды Серікболсын Жалғасұлы (Жамбыл облысы) иеленді. “Қаршыға” жарысында  Сейтжан Бексұлтан (Алматы облысы) үздік танылды. “Ителгіден” І орынды Қарағанды облысының тұрғыны Таңат Оспанқұлов, ал Абай облысының намысын қорғаған  Аманбек Дүкенов “Тазы”бойынша жарыстарда үздік атанды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Back to top button